▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.

▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Жақсылық, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың судьялары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

▪️Семинарды Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Б.Жақсылық ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

▪️Семинар барысында Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Абдразахов «Негізсіз баю санатындағы азаматтық істер» тақырыбында баяндама жасап, аталған санаттағы істерді қараудың ерекшеліктері мен сот практикасына тоқталды.

▪️Қызылорда қалалық сотының судьясы Л.Карибаева «Сот отырысын жүргізу регламентінің сақталуы бойынша» тақырыбында баяндама жасады.

▪️ Қызылорда қалалық сотының судьясы Л.Алибекова «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы» тақырыбында баяндама жасап, банктік қарыз шарттары бойынша дауларды қарау тәжірибесі туралы айтып өтті.

▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған