▪️Қармақшы аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Аудио-бейнежазба құралдарын сот отырыстарында қолдану мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
▪️Семинарды сот әкімшісінің басшысы Е.Матжанов ашып, істерді қарау барысында аудио-бейнежазба жүйесін қолдану мәселелеріне тоқталды.
▪️Бас маман-сот отырысының хатшысы С.Қожабаев аудио-бейнежазба жүйесін қолдану тәртібі мен техникалық ерекшеліктері жөнінде түсіндірме берді.
▪️Сонымен бірге, сот отырыстарының дыбыс-бейне жазбасын дұрыс жүргізу туралы мәлімет берілді.
▪️Семинар соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Қармақшы аудандық соты