Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен кәмелетке толмаған сотталушы Б.-ға қатысты іс қаралды.

01.03.2007 жылы туылған сотталушы Б. 13.01.2025 жылы сағат 01:00 шамасында көшесі бойында жәбірленуші Ш.-ның автокөлігінің ашық тұрған алдыңғы жолаушы жақ есігі арқылы ішіне заңсыз кіріп, автокөліктің алдыңғы бөлігінде тұрған ақшаларын, банкомат карточкасын және машинаның алдыңғы жақ тұсынан магнитофоны мен артқы орындығының үстінде тұрған дыбыс ұлғайтқышты жасырын жымқырған.

Сотталушы Б.Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен кінәлі деп танылып,3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған