Сырдария аудандық сотында азамат Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. 21.05.2025 жылы сағат 17:52-де Қандыағаш станциясында масаң күйде болып, полиция қызметкерінің өзінің қызметтік міндеттерін орындауға бағытталған заңды талабына бағынбаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған117 960 теңге айыппұл салынды.
Сырдария аудандық соты