Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабы 1-бөлігімен азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Азамат К. Әйтеке би кентінде орналасқан өзінің үйінде тәтесі А.-ның мазасын алып, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.
Сот отырысында Р. өз кінәсін толығымен мойындап, полиция органдарымен қолданылған қорғау нұсқамасы талаптарын бұзғанына шын жүректен өкінетінін білдірді.
ӘҚБтК-нің 461-бабы 1-бөлігіне сәйкес, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Азамат Р.-ның әрекеті іс-құжаттарына тіркелген полиция қызметкерінің баянатымен, жәбірленушінің арызымен, түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелін тапты.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен азамат Р. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 461-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қазалы аудандық соты