▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс, Әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар өткізілді.
▪️Семинарға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов, облыстық соттың және қалалық соттардың судьялары, аудандық соттардың судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.
▪️Семинарды алқа төрағасы Ж.Бекжанов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
▪️Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы К.Еспенбетова қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылатынын атап өтіп, азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау тәртібі туралы айтып өтті.
▪️Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Ж.Жакеева қылмыстық жаза қолданудың кейбір мәселелері тақырыбында баяндама жасап, жаза тағайындау кезінде ескерілетін мән-жайларға назар аударды.
▪️Қызылорда қаласының №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Е.Құтыбаев қылмыстық істер мен материалдарды қарауда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6-бабын қолдану туралы сот практикасына тоқталды.
▪️Семинар соңында апелляциялық сатыда қаралған сот істері талқыланды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі