Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс, Әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар өткізілді.

Семинарға Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ж.Бекжанов, облыстық және қалалық соттардың судьялары, аудандық соттардың судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.

Семинарды Ж.Бекжанов ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Темірбаев «Сот үкімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысы бойынша бірқатар мәселелерге тоқталып, сот практикасымен бөлісті.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Изтелеуова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бойынша баяндама жасап, ҚР Қылмыстық Кодексіне және Қылмыстық Процестік Кодексіне енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы О.Абдукаликов әкімшілік жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларға тоқталып, қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғанудың шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайтынын атап өтті.

Қызылорда облыстық сотының судьясы Б.Қалымбет апелляциялық сатыда қаралған сот істері бойынша баяндама жасады.

Семинарды қорытындылаған төраға міндетін атқарушы Ж.Бекжанов істерді қарау барысында процестік нормаларды сақтау керектігін қатысушылардың назарына жеткізді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған