Қызылорда облыстық сотында «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Семинарға Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Департаменттің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы О.Қожаева «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасының талаптары бойынша баяндама жасап, аталған қағидаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қатысушыларға таныстырып өтті.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мен орындау мерзімдерін үнемі бақылауда ұстаудың маңыздылығын жеткізді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі