ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінде бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырылды.

Оған ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, Департаменттің құрылымдық бөлім басшылары, сондай-ақ бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Семинарды Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне ерекше тоқталды.

Семинар барысында бухгалтерлік есеп жүргізу және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын сақтау, шарттарды азаматтық заңнамаға сәйкес дайындау, сондай-ақ оларды сатып алу ерекшеліктеріне қарай толықтыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жауапкершілікті күшейту және құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру бағытындағы өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен бірге, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы С.Ильясова, ішкі аудит департаментінің өкілі Ә.Ұзақбаев, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Ұ.Сыздықова және Д.Қаратаева баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған