Қызылорда облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарына арналған семинар сабағы өткізілді.
Семинарға Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.Асанова, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.
Департамент басшысының орынбасары М.Асанова семинар сабағын ашып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік қызметші жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстанып, қарапайымдылық танытып, қызметтік жағдайын асыра пайдалануға және заң талаптарының бұзылуына жол бермей, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігін атап өтті.
Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов гибридті хабарламаларды нұсқаулыққа сәйкес жіберу тәртібі, авмотаттандырылған жұмыс орны сервисі туралы баяндама жасап, бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі