Қызылорда облыстық сотында судьялардың Әдеп жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау үшін судьяларға қойылатын талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Шараны судья Әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы С.Жуынтаева ашып, судья әдебінің нормалары сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьяның мінез-құлқының қағидаларын белгілейтінін, Судья әдебінің Кодексінің нормаларын қатаң ұстану барша судья қауымына міндетті болып табылатынын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Қызылорда қалалық сотының судьясы Г.Тиштикбаева, Қармақшы аудандық сотының судьясы А.Қазыбеков, Сырдария аудандық сотының судьясы Д.Ералиев судьялардың әдеп нормаларына қатысты ойларымен бөлісті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тақырып аясында пікір алысты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған