▪️Сырдария аудандық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Р.-дан 6 000 000 теңге негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Талап қоюшы өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, жауапкерге ақша аударып, соның есебінен жауапкер негізсіз байығанын көрсеткен.
▪️Сотта талап қоюшы жіберген ақшаның жауапкердің шотына түскені банк құжаттарымен расталып, тараптардың бір-бірімен таныс болмағаны және
▪️Жауапкер ақшаны қайтару бойынша шара қолданбаған және қаражатты заңды негізде алғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынбаған.
▪️Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 6 000 000 теңге негізсіз баю сомасы, өкілдің қызметіне кеткен шығын 60 000 теңге және мемлекеттік баж өндіру туралы шешім шығарды.
Сырдария аудандық соты