Талап қоюшы сотқа жауапкерлерден негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

Талап қоюшы өзіне белгісіз адам телефон арқылы хабарласып, брокерлік компанияның қызметкері ретінде таныстырып, инвестициялардан, акциялардан, шикізаттан, металды сатып алу, сату және басқа активтерден табыс табуға болады деп уәде еткенін көрсеткен.

Әрі қарай талап қоюшы табыс табу мақсатында жауапкерлер Е., Ж., К., және С.-ның әрқайсысының шотына 300 000-700 000 теңге көлемінде ақша аударған.

Жауапкерлер өздерінің банктік шотына ақша түскеннен кейін олардың түсу негіздерін анықтау үшін шаралар қабылдамаған.

Іс құжаттары бойынша талап қоюшының жауапкерлердің шоттарына ақша қаражаттарын жібергені банк үзінділерімен расталды.

Сотта тараптардың ақша аударымына дейін таныс болмағаны, олардың арасында ешқандай міндеттеме жоқ екені анықталды.

Сот жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына негізсіз баю сомасын өндіру туралы шешім шығарды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған