Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы В.-ның жауапкер М.-дан 1 000 000 теңге көлемінде негізсіз баюды және сот шығындарын өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өзінің интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын, азаматтық-құқықтық қатынастардың жоқтығына қарамастан, белгісіз тұлғаның банктен несие алып жауапкерге ақша аударуға көндіргенін, оның есебінен жауапкер негізсіз байығанын көрсеткен.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін айтып, аралағындағы келісімді бекітуді сұрады.

Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға ақшаны әр ай сайын 50 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген.

АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған