Бала тәрбиесі – бұл әрбір ата-ананың міндеті, оның өсіп-жетілуі мен болашағына жауаптылығы. Алайда, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттеріне немқұрайлы қарайтын ата-аналар да бар.

Мәселен, Сырдария аудандық сотында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша Г. кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамай, кәмелет жасқа толмаған баласының мотоцикл құралын басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетін жасаған. Оның кінәсі іс құжаттарымен және кінәсін мойындаған жауабымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Г. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған