Талап қоюшы «Қ» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «К» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Анықталғандай, мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешім бойынша «К» жеке кәсіпкері жеңімпаз болып танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келсім шартқа сәйкес, «К» жеке кәсіпкері 1 000 000 теңгеге тиісті деңгейде 10 000 кг қырыққабат тауарын тапсырыс берушіге жеткізу міндеттелген.

Алайда, «К» жеке кәсіпкері келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

ҚР АҚ-нің 272-273 бабтарына сәйкес, міндетеме – міндетеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Сотпен тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою толығымен қанағаттандырылып, жауапкер «К» жеке кәсіпкері жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған