▪️Талап қоюшы мемлекеттік кәсіпорны сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

▪️Анықталғандай, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған.

▪️Келісім шартқа сәйкес, «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айнымалы тоқ электр қозғалтқышын талап қоюшыға жеткізуге міндеттенген. Алайда, «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

▪️Сотта тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою қанағаттандырылып, жауапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған