Талап қоюшы «О» мекемесі сотқа талап қою беріп, онда жауапкер «А» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Сотта анықталғандай, мемлекеттік сатып алу қорытындыларын бекіту туралы шешімі бойынша жеңімпаз болып «А» жеке кәсіпкері танылып, тараптар арасында келісім шарт жасалған. Келісім шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер «А» 3 224 850 теңгеге тиісті деңгейде құрылыс материалдарын тапсырыс берушіге жеткізуге міндеттелген.

Алайда, жеке кәсіпкер «А» келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған.

ҚР АҚ-нің 272-273 бабтарына сәйкес, міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабының 4-тармағының 3)-тармақшасына сай, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Сотпен тараптардың түсініктері тыңдалып, дәлелдемелер зерттеліп, талап қою толығымен қанағаттандырылып, жауапкер «А» мекемесі жосықсыз қатысушы деп танылды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған