Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушы Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Қ. мейрамханаға келіп, сол жерде «күзетші» болып жұмыс жасап жүрген жәбірленуші Т.-ны жолықтырып, оған қарыз екенін ескертіп, сол жөнінде өзара әңгімелескен.

Осыдан кейін екеуінің әңгіме барысында ерегіс туындап, сотталушы Қ. жәбірленуші Т.-ны күштеп ұрып, соққы жасаған. Соққының салдарынан жәбірленуші Т. есін жоғалтып, жерге құлап, қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, ота жасалған.

Басты сот талқылауында жәбірленуші өкілі А. сотталушыға кешірім беретінін, моральдық шығын өтелгенін, оның бас бостандығын айырмайтын жеңіл жаза қолдануды сұрайтынын айтып көрсеткен.

Сотталушы Қ. ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Қызылорда қаласының №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған