Қызылорда қаласының №2 сотында ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасаған азамат Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кешкі уақытта сотталушы Н. мас күйінде өзінің тұрғылықты мекенжайына келген кезде, үй алдында отырған жұбайы мен кәмелетке толмаған баласын көріп, оларды себепсіз түрде үйге кіруге мәжбүрлеген. Пәтер ішінде баласына балағат сөздер айтып, жұбайының ескертуіне ашуланған сотталушы оны бірнеше рет бет тұсынан ұрып, шашынан жұлқылаған. Жәбірленуші бөлмеден шығуға талпынған сәтте, сотталушы оның арқа тұсынан теуіп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық іс-әрекеттері өзінің мойындауымен қатар, оқиға орнын қарап тексеру хаттамасымен, оған тіркелген фотосуреттермен, сараптама қорытындысымен, жинақталған өзге де құжаттармен дәлелденген.

Басты сот талқылауында сотталушы Н. тағылған айыпты толық мойындап, жәбірленуші мен медиатор арқылы өзара ымыраға келіп,татуласып, келісімге келгендерін, істі медиация тәртібімен тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.

Қызылорда қаласының №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған