Арал аудандық сотында несие қарыздарын өндіру туралы 16 талап қою тараптардың сотқа дейінгі хаттаманы толтыруы арқылы татуласуымен реттелді.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндірген.

Нәтижесінде, тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы медиативтік келісімдер жасасқан. Келісімдерге сәйкес, талап қоюшылар жауапкерлердің материалдық жағдайын ескере отырып, берешек қарыздарын бөліп төлеулеріне мүмкіндік берген.

Сот ұйғарымдарымен дауды реттеу туралы келісімдер бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Осылайша, заңнамадағы «Сотқа дейінгі хаттама» нормасы тиімді іске асуда. Жыл басынан бері аудандық сотта сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласумен 177 талап қою аяқталған.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған