Медиация күніне орай Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Ж.А.Үсен медиаторлармен, ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен және адвокаттармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамдағы дау-дамайларды сотқа дейін шешудің маңыздылығы, медиация институтының рөлі және оны одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Сот төрағасы медиацияны насихаттауда қоғам белсенділерінің, әсіресе өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдардың орны ерекше екенін атап өтті.
Іс-шарада азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы дауды сотқа жеткізбей шешу жолдары сөз болды. Адвокаттар тарапынан медиацияны тәжірибеде қолданудағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, медиаторлар мен ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне және адвокаттарға қоғамдағы татуласу рәсімдерін дамытуға қосқан үлесі үшін сот төрағасы Ж.Үсен Алғыс хаттарды табыстады.
Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар медиация мәдениетін қалыптастыруда өзара ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.
Байқоңыр қалалық соты