▪️Шиелі аудандық сотында сотталушы О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

▪️Іс құжаттарына сәйкес, О. 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарған.

▪️Сотталушының қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен бекітілген.

▪️Сот үкімімен сотталушы О. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған