Қызылорда облыстық соты ұжымының ұйымдастыруымен «Наурыз – ұлттық құндылықтар мейрамы» атты мерекелік шара өткізілді.

Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыстық соттың судьялары, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков, Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы М.Асанова, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Мерекелік шара Наурыз мейрамын атап өту, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, мәдени мұраны қастерлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, Наурыз мейрамы – ұлттық бірлікті бейнелейтін ерекше мейрам екенін, мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындарды жаңғыртуға ықпал ететінін айтты.

Шара барысында соттардың ұжымы «Үздік көрініс» сайысына қатысып, тұсау кесу, қыз ұзату, беташар, бесікке салу, ат қою, құда түсу сияқты қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер қойып, өзара сайысқа түсті.

Командалардың өнерін сот жүйесінің ардагерлері, отставкадағы судьялар А.Әнуарбеков, З.Жанбыршаева, Қызылорда облыстық сотының судьялары Ш.Маликова, М.Еркінбеков және Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Е.Бөрібаев бағалады.

Шара аясында асық ату, қол күрес, арқан тарту, ләңгі тебу, гир көтеру сияқты ұлттық ойындардан сайыстар өткізілді. Қатысушылар белсенділіктері мен шеберліктерін ортаға салып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Шараның қорытындысы бойынша «Қыз ұзату» көрінісін дайындаған Қызылорда қалалық сотының ұжымы «Үздік көрініс» сайысының жеңімпазы деп танылды. Қалған командалар белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

«Наурызнама» онкүндігі аясында өткізілген бейнероликтер байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Қорытынды бойынша:

І орын – Сырдария және Жалағаш аудандық соттары;

ІІ орын – Байқоңыр және Қармақшы соттары;

ІІІ орын – мамандандырылған қылмыстық соттар;

«Ұтымды көрініс» номинациясы – Арал және Қазалы аудандық соттары;

«Ұтқыр идея» номинациясы – Қызылорда қалалық соты;

«Ұйымшыл ұжым» номинациясы – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот және экономикалық сот.

Сонымен бірге, спорттық сайыстардың жеңімпаздары марапатталды:

Гир көтеруден:

І орын – Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Сабыров;

ІІ орын – Қызылорда қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Е.Жетпісбайұлы;

ІІІ орын – Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Н.Қалыбек.

Арқан тартудан:

І орын – Қазалы аудандық соты;

ІІ орын – қылмыстық соттар;

ІІІ орын – мамандандырылған соттар;

Алғыс хатпен – Қызылорда қалалық соты.

Асық атудан:

І орын – Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маманы Б.Қошанов;

ІІ орын – Сырдария аудандық сотының аға сот приставы О.Дүйсенов;

ІІІ орын – Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш. Аманқұлов;

Алғыс хатпен – Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы И.Тұңғышбаев; Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Н.Қалыбек.

Қол күрестен:
І орын – Шиелі аудандық сотының сот приставы Д. Смаилов;

ІІ орын – Шиелі аудандық сотының қызметкері Н.Әлібай;

ІІІ орын – Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бас маман-сот отырысының хатшысы Д.Сағынбай;

Алғыс хатпен – Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Д.Нағашыбай.

Ләңгі тебуден:

І орын – Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы Е.Раушанбекұлы;

ІІ орын – Шиелі аудандық сотының бас маманы Ж.Оспанов;

ІІІ орын – Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ғ.Имағанбетов;

Алғыс хатпен – Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Н. Қалыбек, Байқоңыр қалалық сотының қызметкері Ж. Құдайсүгіров марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған