▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Іс құжаттарына сәйкес, азаматша С.-ның кәмелетке толмаған ұлы көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде басқарған.

▪️Осылайша, азаматша С. кәмелет жасына толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, оның әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекетке баруына жол берген.

▪️Сот қаулысымен азаматша С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған