▪️Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 2-бөлігі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

▪️Іс құжаттарына сәйкес, А. орман қорына кіретін ағаштарды заңсыз кесіп, көлігіне тиеп алған.

▪️Сот отырысында А.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

▪️Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 275 240 теңге айыппұл салынды және әкімшілік құқық бұзушылық әрекетінен мемлекетке келтірілген 47 184 теңге зиян мемлекет пайдасына өндірілді.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған