▪️Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Іс құжаттарынан анықталғандай, азамат С. көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, көлік құралын басқарған.
▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен дәлелденген.
▪️Сот қаулысымен С. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 196 600 теңге айыппұл салынды.
Арал аудандық соты