▪️Арал аудандық сотында азамат Ш.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Сотта анықталғандай, азамат Ш. үйіне алкогольдік ішімдік ішіп масаң күйде келіп, әйеліне былапыт сөздер айтып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен және құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
▪️Сотта жәбірленуші мұндай жағдайлардың жиі болатынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұрады.
▪️Ш.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен дәлелденген.
▪️Сот қаулысымен Ш. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Арал аудандық соты