▪️Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігімен азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Азамат К. өзінің үйінде әйелі Н.-ның мазасын алып, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.
▪️Сот отырысында Б. кінәсін толығымен мойындап, қорғау нұсқамасы талаптарын бұзғанына шын жүректен өкінетінін білдірді.
▪️ӘҚБтК-нің 461-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу – 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
▪️Азамат Б.-ның әрекеті іс құжаттарына тіркелген полиция қызметкерінің баянатымен, жәбірленушінің арызымен, түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен дәлелін тапты.
▪️Қазалы аудандық сотының қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Қазалы аудандық соты