Қызылорда қаласының тұрғыны азамат К. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап дәл сондай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
2025 жылғы 18 тамыз күні сағат 23:30 шамасында К. ішімдік ішкен күйде үйіне келіп, зайыбы А.-ға былапыт сөйлеп, жанжал шығарып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық танытқан.
Сот отырысында азамат К. кінәсін мойындамаған. Жәбірленуші А. оқиғаны растап, жұбайының құқық бұзушылық әрекеттерін баяндады.
Сот қаулысымен азамат К. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу қолданылды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты