Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы 3-бөлігі бойынша азаматша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, А. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, 2025 жылдың 12 тамызында көше бойында мас күйінде құлап, адамның қадір-қасиетін және имандылықты қорлайтын масаң күйде болған.
Сотта А. кінәсін мойындап, қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкен күйде құлап жатқанын, кешірім сұрайтынын көрсетті.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А. ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Жалағаш аудандық соты