▪️Қазалы аудандық сотында сот қызметкерлерінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

▪️Шара барысында сот төрағасы Д.Н. Әбдіқалықов сот қызметкерлері саланың дамуына үлес қосып келе жатқанын, ал бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы сот жүйесіндегі жаңашылдықтарды халыққа жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті. Сондай-ақ, жергілікті БАҚ тілшілеріне және сот қызметкерлеріне кәсіби міндеттерін адал атқарғаны үшін Алғыс хаттар табысталды.

▪️Сонымен қатар, Байқоңыр қаласындағы академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде өткен кездесуге Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Ж.Үсен қатысып, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған