Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының 30 жылдығы аясында «Заң мен әділдікке 30 жыл қызмет ету» тақырыбында сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесуді филиал төрағасы Б.Елшібеков ашып, Судьялар одағы тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесін нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігі мен мәртебесін қорғауға бағытталған маңызды институт болып табылатынын, осы жылдар ішінде пікір алмасу және тәжірибе бөлісу бағытындағы тиімді алаңға айналғанын тілге тиек етті.

Өз кезегінде ардагер судьялар тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасу кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісіп, жас буынға тағылымды ойларын жеткізді.

Жиын барысында Судьялар Одағының құрылғанына 30 жыл толуына орай, 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгені айтылып, атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған