▪️Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы П. кәмелет жасына толғаннан кейін өзіне тиесілі алимент тоқтаған соң, оқып жүрген уақытына әкесінен, яғни жауапкер Б.-дан өзінің оқып жүрген уақытына алимент өндіру туралы талап қоюымен жүгінді.
▪️Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілді. Нәтижесінде, тараптар дау бойынша өзара келісімге келді.
▪️Келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға қазан айына 30000 мың теңге, ал 2029 жылдың 30 маусымына дейін ай сайын 100 000 теңге алимент төлеп отыруға міндеттелді.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты