Арал аудандық сотында азамат Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ж.алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіні Ғ.-ға сыйламаушылық көрсетіп,былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзған.

Сотта жәбірленуші Ғ. қайынағасы тарапынан мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

Ж.-ның құқық бұзушылық әрекеті, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Ж. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, Ж-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленген.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған