Қазалы аудандық сотында азаматша Ұ.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азаматшаҰ.келіні А.-ға сыйламаушылық көрсетіп,былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзған.
Сотта жәбірленуші А. енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
Ұ.-ның құқық бұзушылық әрекеті, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ұ. ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту әкімшілік жазасы қолданылған.
Қазалы аудандық соты