Қармақшы аудандық соты бақылау таңбалары жоқ және өндірушісі белгісіз тауарды сатқаны үшін құқық бұзушы М-ға қатысты ӘҚБтК-нің 283 бабы 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Қармақшы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында дара кәсіпкер М.-ның дүкенінде бақылау таңбалары жоқ және өндірушісі белгісіз барлығы 5 дана темекі өнімдерінің сақталып, сатылып жатқаны анықталған.
Дара кәсіпкер сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен толық келісетінін, темекі бұйымының бағасы арзан және халықтың ақшасына қарай сұраныста болғандықтан, сатуға дүкенде сақтағанын көрсеткен.
Сот қаулысымен, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған барлығы 5 дана темекі өнімдері жойыла отырып, құқық бұзушыға 412 860 теңге айыппұл салынды.
Қармақшы аудандық соты