Сырдария аудандық сотында азаматша Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азаматша Ж. кәмелетке толмаған баласының заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-ден кейін жүруіне жол беріп, бұл әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен азаматша Ж.ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 829-11 бабының 2-бөлігі басшылыққа алынып, 19 267 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған