Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігімен азаматша С.-ға қатысты іс қаралды.   

Азаматша С.-ның кәмелетке толмаған ұлы Т. кәмелеттік жасқа толмаған Б.-ның ойнап жүрген жерінде электронды велосипедпен соғып, орта дене жарақатын салған. Яғни,  азаматша С. кәмелетке толмаған баласын  тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамаған.

          Сот қаулысымен азаматша С. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25844 теңге көлемінде айыппұл салынды.  

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған