Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 128-бабы 1-бөлігімен А.-ға қатысты іс қаралды.
А. кәмелетке толмаған інісі Т.-ның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін біле тұра, өзіне тиесілі «M» үлгісіндегі автокөлігін басқаруға рұқсат берген.
А. сотта әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін көрсетіп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот қаулысымен азаматша А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 128-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 137 620 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты