Жалағаш аудандық сотында Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612- бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды
Азамат Ж. көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Шымкент-Қызылорда тас жолы бойында көлік құралын басқарған.
Сотта Ж. кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот қаулысымен Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындалды.
Жалағаш аудандық соты