Сотталушы М. өзінің үйінің ауласындағы жерді қазып, оған сора өсімдігінің тұқымдарын салып, өсуіне жағдай жасап, сумен қамтамасыз етіп, өсіруге тыйым салынған 9 түп сора өсiмдiктерін заңсыз егіп-баптап өсірген.

Сараптама қорытындысына сай, заңсыз егіп, өсірілген сора өсімдігінің жалпы салмағы – 2 100 грамм екендігі бекітілген.

Осылайша, сотталушы М. өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар сора өсiмдiктерін заңсыз өсіріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Сотталушы М. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қызылорда қаласының №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған