Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабының 3-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс-құжаттарына қарағанда, азамат Ж. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, көлік құралын басқарып, Шиелі кенті, Көкшоқы елді-мекені, Әбдікәрімов көшесі бойында полиция қызметкерлерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Сот талқылауында құқық бұзушы Ж. полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы берген заңды бұйрығына бағынбай, автокөлігімен қашып кеткендігін растап, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.

 Шиелі аудандық сотының қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 3-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған