Қармақшы аудандық сотында «Халықаралық құқықтық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға судья А.Қазыбеков, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық прокуратура прокуроры Е.Мусаев және сот қызметкерлері қатысты.

Семинарды судья А.Қазыбеков ашып, халықаралық құқықтық көмек көрсетудің маңыздылығына тоқталды. Судья өз сөзінде құқықтық көмек көрсету саласындағы халықаралық тәжірибені меңгеру, құжаттарды заңдастыру тәртібін жетілдіру және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын нығайту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, шет мемлекеттерге жолданатын тапсырмалардың сапасына аса мән беру туралы айтты.

Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған