Қармақшы аудандық соты аудандық Отбасын қолдау орталығында «Гендерлік теңдік-тұрақтылыққа тірек» тақырыбында семинар өткізді.
Іс шараның негізгі мақсаты- қоғамдағы гендерлік теңдікті насихаттау, ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру, сондай-ақ отбасылық және әлеуметтік мәселелердегі теңдік қағидаттарын талқылау болды.
Іс шараға аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева, аудандық Билер кеңесінің мүшесі Д.Жалгасбаева, «Қармақшы таңы» редакциясының бас редакторы С.Райымбаева, Отбасын қолдау Орталығының қызметкерлері және сот қызметкерлері қатысты.
Семинарды аудандық соттың төрағасы Қ.Мыханов ашып, өз баяндамасында гендерлік теңдік ұғымының маңыздылығына тоқталды. Ол қазіргі таңда ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар,гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейде болуының маңыздылығын және бұл бағытта сот жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Шара аясында гендерлік теңдік мәселелеріне қатысты тәжірибелік мысалдар келтіріліп, тәжірибедегі гендерлік аспектілер талқыланды.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, әртүрлі көзқарастар мен ұсыныстар ортаға салынды.
Семинар соңында қатысушылар гендерлік теңдікті нығайтуға бағытталған өз ұсыныстарымен бөлісті. Мұндай іс-шаралар қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға және ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге септігін тигізетіндігі айтылды.
Қармақшы аудандық соты