ҚР Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы және ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен сот қызметкерлері арасында «Этно Quiz» интеллектуалды сайысы өткізілді.

Сайыстың негізгі мақсаты – сот қызметкерлерінің шығармашылық қабілетін шыңдау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әріптестік байланысты нығайту болып табылады.

Департамент басшысы М.Асанова сайысты ашып, мұндай танымдық шаралардың маңыздылығына тоқталып, әр мемлекеттік қызметші халқымыздың тарихын, тілін, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын терең білу қажет екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауда ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің, аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарынан құрылған «Ұлағат», «Ақиқат», «Ынтымақ», «Хан Тәңірі» және «Алтын Орда» атауларымен 5 команда өнер көрсетті.

Сайыс бес кезең бойынша өткізіліп, қатысушылар «Quiz» сұрақтарына жауап беріп, жасырылған суреттерді, әуендер мен тұлғаларды анықтап, кино тақырыбы бойынша білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар, әр команда өз өнерлерін көрсетіп, сайыстың көркін келтірді.

Бағалау кезінде қатысушылардың білімі мен белсенділігіне мән берілді.

Мазмұнды әрі тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша «Хан тәңірі» командасы жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, белсенді қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған