Сырдария аудандық сотында есірткі затын заңсыз сақтаған азамат М.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.

Сотталушы М. өз үйінің ауласында орналасқан сарайында қағазға оралған есірткі заты – кептірілген марихуананы заңсыз сақтағаны анықталған. Кептірілген марихуананың салмағы 0,53 граммды құраған.

Сот үкімімен сотталушы М. ҚР ҚК-тің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 78 640 теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған