Қармақшы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен азаматша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азаматша А. «Телеграм» әлеуметтік желісі арқылы Ақтөбе қаласынан жасырылған мекенжайдан психотроптық затты алып, салмағы – 5,66 грамм болатын аса ірі мөлшердегі есірткі құралы – психотропты зат меткатинонның аналогі – мефедронды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, тасымалдаған жерінен полиция қызметкерлерімен Қармақшы ауданы, Төретам кентінде ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушы А.-ның айыбы, өзінің кінәсін толық мойындап берген жауабы, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындыларымен, істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы А., Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған