Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабы 1-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Р. алкогольдік масаң күйде жәбірленуші П.-ға былапыт сөйлеп, ар-намысына тиетін сөздер айтып, мазасын алып, сыйламаушылық білдіріп, тыныштығын бұзып, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында Р. кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібінде татуласуларына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші П. өзінің жолдасына кешірім беріп, өзара медиация тәртібінде татуласқанын айтып, әкімшілік істі тоқтатып, оны жауаптылықтан босатуды сұрады.

Сот қаулысымен Р. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды, іс ӘҚБтК-нің 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған