Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімдерінің 2025 жылдың 3 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жиынға Департамент басшысы С.Сүлеймен, Департамент басшысының орынбасалары Е.Бөрібаев, М.Асанова, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшісі басшылары, мамандары қатысты.

Департамент басшысы С.Сүлеймен өз сөзінде Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті соттардың өндірісінде қаралған істердің нақты жай-күйін зерделеп, сот практикасында туындайтын проблемалар мен құзырлы органдар тарапынан жүйелі жіберілетін кемшіліктерді анықтап отырғанын, оның алдын алу бойынша анықтамалық-талдамалық қорытулар жүргізіп, бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар әзірлеп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Департаменттің 2025 жылғы І тоқсандағы жұмыс жоспарына сәйкес, 4 талдау жүргізілгенін, облыстық сотпен бірлесіп, облыстық соттың жұмыс жоспарына сәйкес, 1 талдау жасалғанын тілге тиек етті.

Одан бөлек, Департамент республика бойынша сот практикасын қорытуды жүргізуге қатысып, жиынтық талдаулар жасалып, аталған талдаулар облыстық соттың пленарлық мәжілістерінде талқыланып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Жиынды қортындылаған С.Сүлеймен алға қойған жоспарларды тиісінше орындап, еңбек тәртібін сақтаудың маңыздығын атап көрсетіп, алдағы уақытта жұмыстарды сапалы атқаруды қатаң тапсырды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған